Шымкентте қаруланған топ бір адамды өлтіріп, төртеуін жаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қаруланған топ бір адамды өлтіріп, төртеуін жаралады

28.01.2014
Шымкентте қаруланған топ бір адамды өлтіріп, төртеуін жаралады
 
Шымкентте шолақ мылтық және пышақпен қаруланған алты бұзақы тұрғызылып жатқан тұрғын үй құрылысы жұмысшыларына шабуыл жасады, деп хабарлайды «Tengrinews.kz» «Otyrar.kz» порталына сілтеме жасап.
 
Астана даңғылындағы құрылыс нысанының 21 жастағы жұмысшысы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы төрт жұмысшы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің жағдайы орташа деңгейде.
 
Қанды қақтығыс қаңтардың 26-сына қараған түні болған. Полиция шабуыл жасаушылардың Сайрам ауданының тұрғындары екенін анықтады. Қазіргі уақытта екі күдікті ұсталды, қалғандары іздестірілуде.
 
Бұзақылардың жұмысшыларға не себепті аяусыз жәбір көрсеткені әзірше белгісіз. Жорамалдардың бірі бойынша, көпқабатты үй құрылысымен айналысып жатқан кәсіпкердің жергілікті бандиттердің өзіне «қорған» болуынан бас тартуы себеп болуы мүмкін. Қарақшылар өз әрекетімен бизнесменді қорқытып алмақ болғанға ұқсайды.
 
Оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары анықтайды. Бұл дерек бойынша «Кісі өлтіру» және «Бұзақылық» баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Хабарламаларға жазылу