Кабулде жарылыс құрбандарының саны 25-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде жарылыс құрбандарының саны 25-ке жетті

03.11.2021

Кабулде госпитальде болған жарылыс құрбандарының саны 25-ке жетті. 50-ден астам адам жараланған. Жарылғыш зат іске қосылған соң атыс басталған. Тәліптер шабуылшылардың төртеуін өлтіріп, біреуін қолға түсірді. Әзірге қастандықты ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ куәгерлердің сөзінше, «ДАИШ» тобының мүшелері қала орталығындағы Сардар Мохаммад Дауд Хан госпиталіне басып кіріп, қауіпсіздік күштерімен қақтығысқан.

Тәліптер билікке келгелі Кабул әуежайы мен мешіттерде жойқын жарылыстар ұйымдастырып, жүздеген адамды мерт қылды. Кей бақылаушылардың ойынша, бұл шабуылдар «Талибанның» Ауғанстанда қауіпсіздікті қалпына келтіру әрекеттеріне кедергі болу үшін жасалып жатыр. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу