Украина Президенті Виталий Кличкоға вице-премьер лауазымын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Президенті Виталий Кличкоға вице-премьер лауазымын ұсынды

27.01.2014
Украина Президенті Виталий Кличкоға вице-премьер лауазымын ұсынды

Украина Президенті Виктор Янукович Арсений Яценюкке - премьер-министр, ал Виталий Кличкоға - гуманитарлық мәселелер жөніндегі вице-премьер лауазымдарын атқаруды ұсынды.

«Ауқымды қоғамдық келісімдерге қол жеткізу үшін ел президенті көпшілік алдындағы пікірталасқа Виталий Кличконы шақырды, ол бұл шақыруды қабыл алды. Сондай-ақ ел басшысы Арсений Яценюкке премьер-министр қызметін атқаруды ұсынды. Ол бұл лауазымды атқаруға келіскен жағдайда, президент үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Гуманитарлық мәселелер жөніндегі вице-премьер қызметін атқару туралы ұсыныс Виталий Кличкоға жасалды», - деді әділет министрі Елена Лукаш оппозициялық фракция көшбасшыларының президентпен және оның командасымен кездесуінен соң.

Лукаштың сөзіне қарағанда, Янукович оппозициямен бірлесе жұмыс жасау мемлекетке күш біріктіріп, ел мен қоғам үшін қажетті реформаларды жүргізуге мүмкіндік береді деп есептейді.

«Президентіміз елде соңғы кездері орын алған барлық қасіретті жағдайларға, адамдардың жарақат алуына, кикілжің құрбандарына қатысты қатты қынжылатынын білдірді және зорлық-зомбылыққа жол бермеу қажеттігін атап өтті. Біз барлық радикалды әрекеттер мен олардың салдарына қарсымыз. Келіссөздер тараптардың уағдаластықтары бойынша жалғасатын болады», - деп түйіндеді ол сөзін.

Хабарламаларға жазылу