Рим Папасы интернетті Құдайдың сыйы деп атады
Рим Папасы Франциск интернетті Құдайдың сыйы және шынайы жақсылықтың бет-бейнесі деп атады. Бұл мәлімдемені Рим Папасы Дүниежүзілік әлеуметтік желілер күні қарсаңында діншілдерге жолдаған үндеуінде айтты.
Ватиканның news.va порталында жарияланған үндеуде «Интернет Құдайдың сыйы. Бұл адамдардың ынтымақтасығы мен бірін-бірі қолдауына шексіз мүмкіндік береді» деп жазылған.
Дегенмен Рим Папасы Франциск ғаламтордағы мәселелерге де тоқталып өтті. Понтификтің сөзінше, желідегі ақпараттың таралу жылдамдығы адамдардың оны дұрыс қабылдап, бағалау мүмкіндігінен әлдеқайда асып түседі.
Бұған дейін бұрынғы Рим Папасы Бенедикт XVI де интернет пен әлеуметтік желілілерді қолдаған еді. Ол 2011 жылы әлеуметтік желілер арқылы жаңа таныстар таба отырып, білім мен мәдени диалогтың алмасуына мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жылына 200-ден астам баланың жүрегіне ота жасалады
18.03.2026, 20:58
Наурызнама: 4 мыңға жуық тұрғын ұлттық киіммен шеруге шықты
18.03.2026, 20:55
Қарағандыда дрондар бауырсақ таратты
18.03.2026, 20:54
«Халық таңдауы – жарқын болашақ» флеш-фестивалі өтті
18.03.2026, 20:51
Көкпардан Ұлттық құрама Қытайдан басым түсті
18.03.2026, 20:49
Әлем жаңалықтарына шолу
18.03.2026, 20:17
Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан әлемде ұшақ билеттері қымбаттап жатыр
18.03.2026, 20:15
Таяу Шығыстағы Қазақстан дипломаттары қандай жағдайда елге қайтарылады?
18.03.2026, 20:13