2013 жылы Астана әуежайындағы жолаушылар ағыны 2 миллион адамнан асқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2013 жылы Астана әуежайындағы жолаушылар ағыны 2 миллион адамнан асқан

25.01.2014
2013 жылы Астана әуежайындағы жолаушылар ағыны 2 миллион адамнан асқан
Астана әуежайы қызметінің қорытындысы бойынша, жолаушылар ағыны 2013 жылы 2 609 431 адамды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының ресми порталы хабарлады. 
 
2013 жылы ішкі бағыттар бойынша жалпы жолаушылар ағыны 1 630 666 адамды (2012 жылмен салыстырғанда 9 пайызға көп) құраған. Ішкі рейстерде Алматы, Шымкент және Атырау бағыттары аса көп сұранысқа ие.
 
Ал халықаралық бағыттарда 978 765 жолаушыға қызмет көрсетілген, бұл 2012 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 21 пайызға артық. Сұранысқа ие бағыттар - Әбу-Даби, Ыстамбұл.
 
«Өндірістік көрсеткіштердің өсуінің негізгі факторлары - барлық рейстердің жиілігінің көбеюі және жаңа бағыттардың ашылуы», - делінген хабарламада.
 
2013 жылы Астана әуежайынан алғаш рет Лондон, Красноярск, Бангкок қалаларына бағыттар ашылды. Сондай-ақ, Гоа (Үндістан) және Родос (Греция) бағыттары бойынша чартерлік туристік бағдарлама жасалған.
 
2013 жылы қызмет көрсетілген рейстердің саны 20 272, бұл 2012 жылғы сәйкес кезеңмен (17 499 рейс) салыстырғанда 16 пайызға  көп. Сонымен қатар, тұрақты рейстер іс жүзінде 16 пайызға көбейсе, кешігулер 1 пайызға  төмендеген.

Хабарламаларға жазылу