Қазақстан бұдан былай ескі ұшақтарды елге кіргізбеуі мүмкін

03.11.2015
Қазақстан бұдан былай ескі ұшақтарды елге кіргізбеуі мүмкін
Қазақстан бұдан былай ескі ұшақтарды елге кіргізбеуі мүмкін

Бұдан-былай пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан ұшақтар Қазақстанға кіргізілмеуі мүмкін. Бүгін Азаматтық авиация комитеті тиісті министрлікке осындай ұсыныс жасайтындықтарын жеткізді. Бұған Ресейдегі ірі әуе апаты негіз болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 31 қазан күні Мысырдан Санкт-Петербургке бағыт алған ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында болған 224 адам түгел қаза тапты. Ал, елімізде 2013 жылы қаңтар айының 29 күні \"Скат\" әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 21 адам мерт болған еді.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу