Қазақстан - шетелдік инвестиция тарту көлемі бойынша көш басында

09.06.2014
Қазақстан - шетелдік инвестиция тарту көлемі бойынша көш басында
Өткен жылы әлемдегі дамушы елдерге құйылған шетелдік инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті. Мәселен, 2013 жылы жалпы шетелдік инвестиция ағыны 1,46 триллион долларға жеткен.
 
Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 11 пайызға көп. Ал, Қазақстан бүгінде сырт елден инвестиция тартуда көш басындағы 20 мемлекеттің арасында 19-орында тұр.
 
Инвесторлардың құқығын қорғау бойынша 10-орында. 2005 жылдан бері Қазақстанға жалпы сомасы 184 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылған.
 
Оның 55 пайызы соңғы төрт жылдың еншісінде. Яғни, бұл «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы жүзеге асқан кезеңмен тұспа-тұс келеді.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу