Шымкентке 40 елді мекен қосылады

24.01.2014
Шымкентке 40 елді мекен қосылады
Шымкент қаласының аумағына 40 елді мекен қосылмақ. Бұл туралы Елбасы Жолдауын талқылауға арналған жиында қала әкімінің орынбасары Баһадүр Нарымбетов хабарлады.
 
«Қазақстан-2050» стратегиясы алға қойылған тапсырмаларды орындауда нақты қадамды талап етеді. Жолдау бізге зор міндеттер жүктеп отыр. Жақында Шымкент қаласының аумағына 40 елді мекен қосылады, яғни, қала халқы 145 мың адамға көбеймек», - деп атап өтті Б.Нарымбетов.
 
Елбасы Жолдауында Шымкент халықты шоғырландыратын қалаға айналатынын тілге тиек еткен-ді. Отырысқа қатысушылардың айтуынша, бұл бастама қаладағы білім, денсаулық және әлеуметтік нысандардың сапалы дамуына мүмкіндік бермек.
 
Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының айьуынша, елді мекендердің әлеуметтік және коммуналдық мәселелері шешілетін болады. «Бүгінде барлық проблема 2020 жылға дейін шешімін табады деп сеніммен айта аламыз. Бірінші кезекте су, газ және энергиямен қамту мәселесі қолға алынады. Сонымен бірге жаңа жолдар салынып, балалар  мектепке дейінгі мекемемен 100 пайыз қамтылады»,-дейді ол.

Хабарламаларға жазылу