Атырау облысында сармат жауынгерінің қаңқасы табылды

08.10.2020

Атыраулық археологтар Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғанынан, б.з.д 2-1 ғасырға жататын сармат жауынгерінің қаңқасын тапты. Қабір тоналмаған. 2 метрлік табыттан ежелгі римдік стильдегі темір сауыты бар адамның сүйегі мен ұзындығы 1 метр қылыш шықты. Жауынгермен бірге ағаштан жасалған қалқан мен 40 дана жебе, темір және алтын жапсырмалар, ат әбзелдері, түрлі жоралғыға арналған табақша табылды. Енді құнды жәдігерге бастан-аяқ реставрация жасалады.  

Жандос Темірғали

сармат жәдігер археология

Хабарламаларға жазылу