Машкевич «Ертіс» клубын қаржыландырудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Машкевич «Ертіс» клубын қаржыландырудан бас тартты

20.01.2014
Машкевич «Ертіс» клубын қаржыландырудан бас тартты
Қазақстандық миллиардер Александр Машкевич павлодарлық «Ертіс» футбол клубын қаржыландырудан бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Машкевич басқаратын ENRC корпорациясы клубтың бас демеушісі болмайды. Бұл туралы олигарх Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен кездесуде мәлімдеді.
 
Машкевичтің сөзінше, «Ертіс» футбол клубына тек қаражат бөліп қоймай, клубтың кәсіби жұмысы басты назарға алынуы тиіс.  Тек қана ақша бөлгеннен нәтиже болмайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде «Ертіс» футбол клубы қаражат бөлінбегендіктен, қарызға батты. Алты ай бойы жалақы алмаған футболшылар облыс әкіміне хат жазды. Тек қарашаның аяғында клуб барлық қарыздарын төлей алды. Қаржылық қиындықтарға байланысты мықты ойыншылары өзге командаға ауысқан.

Хабарламаларға жазылу