«Ертіс» ел чемпионатына қатыса алмауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ертіс» ел чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

15.05.2020

Павлодардың «Ертіс» футбол клубы ел чемпионатына қатыса алмауы мүмкін.

Өйткені клуб қаржысыз қалды. Соңғы жылдары жеңілістен көз ашпаған командадан жанкүйерлері теріс айналған. Демеушілер де биылдан бастап ақша беруден бас тартты.

Ал аудит барысында клуб менеджерлерінің қаржы жымқырғаны анықталды. Басшылар өздеріне және легионерлерге миллиондап бонус алып отырған. Соның салдарынан 2 млрд теңгеге жуық қарыз жиналған. Оның тең жартысы - салыққа тиесілі қарыз.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу