Павлодарда жаңа жағажай ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жаңа жағажай ашылды

11.07.2017

Ертіс өзенінің жағалауындағы нысан қаланың орталық алаңымен шектесіп, тұтас бір сәулет ансамблін құрайды. Жалпы көлемі 4 шақырымға жетті. Негізінен жаңа жағажай бастапқы табиғи бедерін бұзбай, терасса қағидасы бойынша салынған. Мердігер кәсіпорын аумақты топырақпен нығайтып, қала ішіндегі қалдық сулардың Ертіске құйылмауы үшін дренаждық жүйе орнатты. Жаңа тротуар төселіп, жарық тартылды. 60-тан аса сәулеттік пішіндер қойылды. Жобаның жалпы құны - 680 млн. теңге. Бұл - демеушілер бөлген қаржы. Нысанның ашылу салтанатында Ертіс өзені бойымен кемелер шеру тартты.  

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу