Жыл сайынғы Miss.Kz-2013 интернет-байқауының жеңімпазы болып алматылық 20 жастағы Салтанат Бекжігітова танылды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Онлайн дауыс беру ережесінің қорытындысы бойынша ол 2273 дауысқа ие болды. «Вице-мисс» атағы 1863 дауыс жинаған алматылық Салтанат Тыныбаеваға бұйырды.
Салтанат Бекжігітова бұған дейін «Алматы аруы-2010» конкурсында жеңімпаз атанған.
Сондай-ақ, «Top Model Asia-2009», «Miss Fashion TV-2012» байқауларының қатысушысы.
« Болашақ мамандығым – менеджер. Менің бойымда осы мамандыққа сай ұйымдастырушылық пен басқарушылық қасиеттер бар. Әр сәтімді тиімді пайдалануға тырысамын. Өзімді алдына мақсат қоя білетін, жаңашылдыққа ұмтылғыш жан санаймын», - дейді ол.