Twitter-ге Қарағанды облысының әкімі келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Twitter-ге Қарағанды облысының әкімі келді

03.02.2014
Twitter-ге Қарағанды облысының әкімі келді

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Twitter әлеуметтік желісінен аккаунт ашты. Қазнет қолданушыларының айтуынша, Әбдішев Twitter-ді пайдаланушы облыс әкімдерінің алғашқыларының бірі.

 Әзірше Бауыржан Түйтеұлының төрт твиті, 263 оқырманы бар. Әкімнің әлеуметтік желідегі алғашқы жазбасы 2 ақпан күні жарияланды. «Қадiрлi Отандастар! Сіздермен осы желіде қауышқаныма қуаныштымын. Ортақ мүдде төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасамыз деген ойдамын» делінген онда.

 Бұған қоса аймақ басшысы облыстың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарғанын, 2014 жылға қойылған міндеттерді хабарлады. Сондай-ақ, Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

Хабарламаларға жазылу