Kz доменінде 115 мың есім тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Kz доменінде 115 мың есім тіркелген

19.09.2014
Kz доменінде 115 мың есім тіркелген

5 жылдан кейін интернеттегі сауда қазақстандық бөлшек сауда айналымының 5 пайызын құрайтын болады.

Алматыда қазақ интернетінің дамуы жөнінде өтіп жатқан жиында Қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының президенті Константин Горожанкин  осылай деді.

Оның айтуынша, 2013 жылы  интернеттегі саудадан түскен пайда 600 миллион долларды құраған.

2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша kz доменінде 115 мың, қаз доменінде 800 есім тіркелген, 30-дан аса провайдер хостингтік қызмет көрсетеді.

 «Қазнет-тің дамуында жеткен жетістіктер интернет пайдаланушылардың санын ұлғайтуға септігін тигізді. Бұдан бөлек, Қазақстан Wikipedia-дағы мақалалар  саны бойынша 75 орынға көтерілді», - деді жиында сөз алған Қазақстандық IT- компаниялар қауымдастығының төрағасы Нұрлан Исин.

Хабарламаларға жазылу