«Абай айтқандай, бір кірпіш болып алсақ та, жарайды бізге» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абай айтқандай, бір кірпіш болып алсақ та, жарайды бізге»

16.01.2014
«Абай айтқандай, бір кірпіш болып алсақ та, жарайды бізге»
Оның картиналары  шеберханада туып, шеберханада ғұмырын аяқтаған  туындылар емес. Кез келгені музейлердің құнды экспонатына айналып, патша сарайларынан орын тауып, жер-жаһанға таралып кеткен. Ол – талантты суретші, кескіндемеші Жұмақын Қайранбаев.
 
«Жолаушы» атты картинасы туралы суретші: «Біз туғаннан жол үстінде боламыз. Уақыты келгенде, бұл дүниеден өтіп, ол жолды басқалар жалғайды. Біз бұл өмірге келгенде жолаушы екендігімізді ұмытпауымыз керек. Картинада жеткізгім келгені осы»,-дейді.
 
Жақында ол ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді. «Бастысы,  менің жасаған жұмыстарым іске асып, ел ұнатып жатыр. Мені елегені – еліме аз да болса, пайдамның тигені ғой.  Абай айтқан бір кірпіш болып алсақ та, жарайды бізге. 35 жылда алдымнан 90-100-дей шәкірт өтті. Қазір олардың алды менен бұрын осы атақты алып үлгерді. Олар көрме ашқанда, өзім барып тұсауын кестім, жақсы сөздерімді айттым. Шәкірттерім осы уақытқа дейін маған келіп, жұмыстарын көрсетіп, ақылдасып тұрады»,-дейді суретші.

Хабарламаларға жазылу