Басты Жаңалықтар Түркітілдес азаматтар Түркияда жеңілдік алды

Түркітілдес азаматтар Түркияда жеңілдік алды

Түркияға жұмыс істеуге баратын Қазақстан азаматтарына бірқатар жеңілдік жасалатын болды. Түркияның түркітілдес шетелдіктердің жұмыс істеу тәртібі туралы заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, енді бауырлас елдерден барған азаматтар жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бұрынғыдай көп құжат жинап әуре болмайды. Оларға тек жекеменшік емес мемлекеттік секторда да жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Ол үшін жұмыс істеуге барған адамда өзінің түркітілдес елдің азаматы екенін анықтайтын куәлік пен Түркияда уақытша тұруға мүмкіндік беретін жеке куәлігі болуы қажет. Бұдан бөлек білімі мен мамандығын растайтын құжаттар да талап етіледі. Бұл шешім жақында Әзербайжанда өткен Түркітілдес мемлекеттердің саммитінде өзара экономикалық байланысты тереңдету жөніндегі келісімнен кейін қабылданды.


Бөлісу