Астаналық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты.
Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында 9-шы орында тұрған Владивостоктың «Адмирал» командасы Чехияның «Лев» командасынан ұтылғаннан кейін, Астананың «Барысы» мерзімінен бұрын плей-офф жолдамасын қалтасына салды.
«Барыс» командасының еншісінде 44 ойыннан кейін 88 ұпай бар. Ал 45 ойын өткізген «Адмиралдың» еншісіне 59 ұпай. Сондықтан да тұрақты чемпионаттың соңына дейінгі 10 турда астаналық команда 8-ші орыннан төмен сырғымайтындығы белгілі.