Қатардағы футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында үшінші тур ойындары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатардағы футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында үшінші тур ойындары өтті

30.11.2022

Қатар елінде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында үшінші тур ойындары өтті. Плей-офф кезеңіне өткен командалар саны жетеуге жетті.

А тобында Сенегал мен Эквадор арасында тартысты ойын өтті. Бірінші таймда Исмаиила Сарр пенальтиді сәтті орында, Сенегал құрамасы есепте алға шықты. Оңтүстік Америкалықтар 67 минутта Мойзес Кайседоның голынан кейін есепті теңестірген, алайда Алиу Сиссенің шәкірттері артынша тағы гол соғып кетті. Матчты жеңіспен аяқтаған Сенегалдықтар 20 жылдан кейін плей-оф кезеңіне жолдама алды.

Иран мен Ақш құрамалары арасындағы ойында қос ұжымға да ұпай ауадай қажет болды. Ойын жеңімпазын матчта соғылған бір ғана гол анықтады. Кездесудің 38 минутында Кристиан Пулишич көзге түсіп АҚШ құрамасына жеңіс сыйлады.

Ерсін Ерік, тілші:

Плей-офф кезеңінде АҚШ Нидерланды құрамасымен ойнайды. Ал Сенегал Англиямен кездеседі.

Ерсін Ерік

Хабарламаларға жазылу