«Барыс» осы маусымдағы отызыншы жеңісіне қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» осы маусымдағы отызыншы жеңісіне қол жеткізді

15.01.2014
«Барыс» осы маусымдағы отызыншы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астанада мәскеулік «Спартакты» қабылдап, қарсыластарын 4:2 есебімен тізе бүктірді.
Бірінші болып астаналық команда есеп ашты. Найджел Доус жетінші минутта Дастин Бойд берген шайбаны қақпаға дәл бағыттады. Екінші жиырма минутта Андрей Сергеевтің белсенділігі арқасында қонақтар есепті теңестіре алды.
 
Алайда олардың қуанышын 27-минутта Талғат Жайлауов су сепкендей басты. Бұл  оның осы маусымда соққан оныншы шайбасы.  

Алты минуттан соң Доус дубль авторы атанып, есепті 3:1-ге жеткізді. Ал ойынның 48-минутында «Барыстың» жаңа ойыншысы Зак Хэмилл қазақстандық жанкүйерлерді тағы бір қуантты.

«Спартак» хоккейшілері ойынның соңына қарай тек бір шайба сала алды. Оның авторы - Алексей Гришин.

Айта кетейік, бұл «Барыстың» осы маусымдағы отызыншы жеңісі.

Хабарламаларға жазылу