Көпбалалы болғаны үшін айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы болғаны үшін айыппұл салынды

11.01.2014
Қытайлық режиссер Чжан Имоу мен оның зайыбы  ұзақ уақыт бойы үш баласы бар екенін жасырып келген.
 
Әлемге танымал режиссер, сценарист әрі продюсер Ч. Имоуге отбасын жоспарлау туралы заңды бұзғаны үшін 7,48 миллион юань көлемінде (1,2 миллион АҚШ доллары) айыппұл тағайындалды.
 
62 жастағы кино қайраткері мен қазіргі зайыбы  Чэнь Тин желтоқсанда ресми түрде бұл фактіні мойындады. Олардың екі ұлы мен бір қызы бар екен.
Балалары 2011 жылы некеге тұрғанға дейін өмірге келген.

Хабарламаларға жазылу