«Шығармашылық адамдарына атақтың соңынан ілесіп жүргені жақсы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шығармашылық адамдарына атақтың соңынан ілесіп жүргені жақсы»

09.01.2014
«Шығармашылық адамдарына атақтың соңынан ілесіп жүргені жақсы»
ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері ақын Оразақын Асқар «Таңшолпанда»  қонақта болды.
 
Жақында ғана «Құрмет» орденін иелеген ақын: «Атақ-даңқты әркім әрқалай қабылдайды. Кейбіріне бұл аздап зиян тигізуі де мүмкін. Мысалы, мақтанды биік көретіндерге. Ал шығармашылықпен  кеткен адамдар атақ-даңқтың келген-келмегенін елден естіп-біліп жүреді. Негізінен шығармашылық адамдарына атақтың соңынан ілесіп жүргені жақсы»,- дейді ақын.
 
Жақында жылқы туралы орыс тілінде жазылған үлкен кітап оқыдым. Соның ішінде жылқы мен қазаққа қатысты бір-ақ сөйлем бар екен. Онысы: «Қазақ халқында жылқының жабы деген түрі өседі. Ол тек мал бағуға ғана жарамды. Басқа еш нәрсеге жарамайды» деген сөйлем. Содан намысым келді де, жылқы туралы мәлімет жинап, өлең жазамын деп ойлағанмын. Бірақ, ол өлең емес, үлкен поэма болды. Бір ғана поэма емес, алты буынды үлкен кітап болды.
 
Жылқы жануарын зертеп жүрген ақын: «Жылқы биік жерлерді жақсы көреді. Есті жануар сондай-ақ, жершіл келеді. Қазақ та сондай. Қазақты әлемнің қай түкпіріне апарып тастасаң да, түбінде атамекенін табады»,-дейді.

Хабарламаларға жазылу