Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысы өтті
«Тәуелсіздік әдебиеті». Алматыда осындай атаумен Қазақстан Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысы өтті. Зиялы қауым өкілдері әлемдік пандемиядан кейін алғаш рет осылай бас қосып отыр. Соңғы екі жыл маңызды шара онлайн режимде ұйымдастырылған болатын. Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған басқосуда Жазушылар одағының бір жыл ішінде атқарған жұмыстары баяндалды. Сондай-ақ 2021 жыл қорытындысы бойынша Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының жүлдегерлері анықталды. Республиканың түкпір-түкпірінен келген ақын-жазушылар өз ойларымен бөлісіп, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді.
Жанұзақ Аязбеков, ҚР Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының директоры:
Қазір барлық облыста жергілікті атқару органдары шығармашылық адамдарына қолдан келген жақсылықты жасап жатыр. Бір жерлерде кітаптарын шығарып жатыр, бір жерлерде үйберсе, бір жерлерде грант, стипендия тағайындап жатыр. Міне, осының бәрі қамқорлық. Өйткені шығармашылық адамына мұның бәрі керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09