Сұлтан Оразалы: Телевизия саласындағы жас әріптестеріммен байланысым үзілген емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұлтан Оразалы: Телевизия саласындағы жас әріптестеріммен байланысым үзілген емес

29.04.2016
Сұлтан Оразалы: Телевизия саласындағы жас әріптестеріммен байланысым үзілген емес

Жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалы «Таңшолпанда» қонақта.

«70-тен кейін әр бес жыл сайынғы өмір олжа болып саналады. Оған дейін 10 жылдықтардың қалай өткенін аңғармай қалып едік. Қазақ мүшел жас болмаса, туған күнді көп атап өтпейді», дейді қаламгер.

«Қазақстан» телеарнасы құрылғаннан кейін 4-5 жылдан кейін қызметке келдім. Содан бергі ғұмырым телевизиямен байланысып келеді. Әрине, арасында басқа жауапкершіліктер де жүктелді. Оның бәрі өз алдына. Бірақ, осы саладағы жас әріптестеріммен, іні-қарындастарыммен байланысым үзілген емес.

Жақсы хабарларды саралап, қарап отырамын. Қазіргі қазақ телевизиясының дамуы әлемдік дәрежеде. Техникалық мүмкіндіктер де жоғары. Нағыз шығармашылық адамдарына сан түрлі жанрда көптеген бағдарламалар жасап шығаруға болады».

Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда». 

Хабарламаларға жазылу