Алматы облысында су электр станциясы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында су электр станциясы іске қосылды

07.01.2014
Алматы облысында су электр станциясы іске қосылды
Алматы облысының Сарқан ауданында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша су электр станциясы іске қосылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 1982 жылы болған сел салдарынан жарамсыз күйге түскен станцияны жергілікті кәсіпкер Меліс Разбекұлы жөндеп, іске қосқан. Құрылысқа Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 475 миллион теңге бөлініпті.
 
Сарқан электр станциясы жобасының жетекшісі Мұрат Разбековтың айтуынша нысан жылына 12 миллион кВт қуат өндіреді. Өндірілген энергия бағасы жергілікті тұрғындар үшін арзан болмақ.

Хабарламаларға жазылу