Мамандар қазақстандықтарға ақшаны банкте жинауға кеңес береді
Мамандар қазақстандықтарға өз ақшаларын банкте жинауға кеңес береді, деп хабарлайды Радио Тенгри FM. 2014 жылы орта топтағы әр адам мүлік немесе алтынды инвестициялай алмайды, сол себепті көпшілігі банктің салымдарына үміт артады, деп санайды инвестицияны зерттеу агенттігінің сарапшысы Жаннұр Әшіғали.
Дегенмен мамандар 2014 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі жоғары болмайды деп болжам жасайды. Олардың айтуынша, теңгенің әлсіреуі мен импорттық өнімдердің қымбаттауына байанысты бағалар өседі. Ал валюта нарығы бойынша сарапшы Анатолий Хегайдың пікірінше, бұл өсім өткен жылы Ұлттық банк берген инфляциялық болжамдарға жетпейді.
«Біздің болжам бойынша, 2014 жылы инфляция шамамен 5-5,5 пайызды құрауы мүмкін. Бұл қазіргі деңгейден сәл ғана жоғары, бірақ Ұлттық банк көрсеткен 6-8 пайыздан аз. Бұл тек импорттық өнімнің өсуіне байланысты болмақ», - деп сараптайды Хегай.
Кейбір сарапшылар теңгенің әлсіреуін америкалық валютаның нығаюымен байланыстырады. Олардың болжамынша, биыл АҚШ долларының бағамы 160-165 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл да салымшылар үшін жақсы мүмкіндік болуы ықтимал. Алайда сарапшы Жаннұр Әшіғали қорытынды жасауға асықпауға шақырады. Өйткені 2014 жылы шетелдік валютаға нарықтың қалай әрекет ететіні әзірге белгісіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03