Қарағандыда футбол алаңы салынбақ
Биыл Қарағандыда футбол алаңы мен суда жүзуге арналған орны бар дене шынықтыру-сауықтыру орталығы салынбақ.
Қарағанды қаласының бюджетінен 3 мың орындық футбол алаңы үшін 200 миллион теңге, ал дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысына 500 миллион теңге бөлінген.
Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Наталья Сухорукованың айтуынша, облыс орталығындағы «Голубые пруды» ықшам ауданында 32 гектар жер спорт қалашығы үшін бөлінген. Осы жерге жаңа спорт кешендері салынбақ.
Спорт басқармасының хабарлауынша, облыс бойынша 20 дене шынықтыру-сауықтыру орталығы және 60-қа жуық жүзу бассейні салыну қажет. Ал әзірге Балқаш, Ақтоғай, Нұра және Осакаров аудандарында салынатын төрт сауықтыру орнының жобасы дайындалуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда Starlink Mobile спутниктік мобильді байланысы іске қосылды
28.09.2026, 14:58
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 11:41
«Пайым, қоғам, мінез»
27.09.2026, 20:45
Жылыту маусымына дайындық қалай?
27.09.2026, 20:30
«Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16