31 желтоқсан - 5 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

31 желтоқсан - 5 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады?

30.12.2019
31 желтоқсан - 5 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады?

Жаңа жыл мерекесінде күн жылы болады. Синоптиктер 31 желтоқсан - 5 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады. 

Ол күндері Атлантикадан және Жерорта теңізінен ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, боран соғады. Батыстан екпінді жел тұрады. Оңтүстік облыстарда көктайғақ болады. 

Алайда ауа температурасы төмендемейді. Жаңа жыл түнінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы жоғарылап, күндіз көптеген аймақтарда 0, -8 градусты көрсетеді. 

Ал оңтүстікте 0-10 градус жылы болады.

Хабарламаларға жазылу