Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бүгінге дейін 186 миллиард теңге жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бүгінге дейін 186 миллиард теңге жиналды

30.07.2019

Жұмыс берушілер міндетті медициналық сақтандыруға да жалақының 1,5 пайызын төлеп отыр. Солардың есебінен бүгінге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 186 миллиард теңге жиналған. Ол қаражат ұлттық банкте сақталып тұрады және оған үкімет кепілдік берген. О баста 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі деп жоспарланған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды. Ол бойынша тұрғындарға медициналық қызмет көрсету 3 деңгейде іске асырылады. Біріншісі — кепілдік берілген медициналық қызмет. Негізінен алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамтитын ол — бюджет есебінен қаржыландырылады және азаматтардың бәрін қамтиды. Екіншісі – әлеуметтік-медициналық сақтандыру пакеті. Диагностикалық, стационарлық, оңалту, қалпына келтіру сияқты көмек түрлерін қамтитын ол көмек — жұмыс беруші және азаматтардың жарнасы есебінен тек сақтандырылған жандарға көрсетіледі. Ал үшінші деңгей тек ақылы негізде немесе ерікті сақтандыру арқылы жүзеге асырылады. Мамандардың айтуынша, сақтандыру жүйесінде қазірде қымбатқа түсетін кейбір  медициналық қызмет түрлерін пайдалануға біршама жеңілдейді. Және жекеменшік медицинаны дамытуға серпін бермек.    

 

Нұрлыбек Қабдығапаров, Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының қалалық  филиал директоры:

Мен салыстырмалы түрде айтайын, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бүгінгі күнде 56 пайызға жекеменшік медицналық мекемелердің саны өсіп отыр. 56 пайызы жеке медициналық емдеу мекемесі болатын болса, соның ішінде 34-і, 35-і мемлекеттік мекемелер. Соның бәрі бәсекелестік тудырады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу