Медицинадағы реформалар денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер әкелмек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицинадағы реформалар денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер әкелмек?

20.06.2019

Оның халық денсаулығына әсері қандай болмақ? Халықтың көкейіндегі осы сұраққа Алматыға жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді. Оның сөзінше, қазір әлемдегі медициналық қызмет сандық жүйеге көшіп, көш ілгері кетіп қалды. Сондықтан, өзгеріске бейімделген жөн. Себебі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті мен тегін медициналық көмек пакетінің жаңа үлгісі халықтың көмекті дер кезінде алуына жол ашатын өзгерістерге толы. Мұны көпшілік сол жүйені түбегейлі енгізгеннен кейін бірден сезіне бастайды.

 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

 

Медициналық қызметкердің жалақысын көтеруге мүмкіндік береміз. Сонымен қатар әрине ол медициналық қызметтің сапасына әсер етеді. Көмектің сапасы жалпы біздің үш жылдың ішіндегі жаңағы жедел жағдайдан травмадан өлім көрсеткіші 10 пайызға төмендеді. Бұл енді бірінші қадам деп ойлаймын. Арықарай осы реформаны біз жалғастырамыз. Жедел жәрдем мамандарды халықаралық стандартқа оқытып жатырмыз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу