Таразда 40-тан астам отбасына пәтерлердің кілттері табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 40-тан астам отбасына пәтерлердің кілттері табыс етілді

23.11.2015
Таразда 40-тан астам отбасына пәтерлердің кілттері табыс етілді

Таразда 40-тан астам отбасыға жаңа пәтердің кілті тапсырылды.

Көп жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған «Атшабар»тұрғын үй кешенінің құрылысын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ-ы жүргізді. Тұрғын үй 210 пәтерлі,  

1 шаршы метрінің бағасы 923 теңге.

Бағдарлама негізінде мемлекет әлеуметтік жалға беретін баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімге жалға ұсынады. Пәтер иелері - тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар.


Бағдарлама бойынша құжат тапсырған азаматтар саны 100. Оның ішінде банк 22 адамның төлем қабілетінің бар екендігін растап отыр.


Бұдан өзге облыс орталығында «Бәйтерек», «Арай», Маяковский көшелерінде тұрғын үйлер құрылысы аяқталып, таяу күндері пайдалануға берілмекші. «Арай» шағын ауданда 280 орындық балабақша ашылады.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу