Металлургтер күні қарсаңында өндіріс озаттары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Металлургтер күні қарсаңында өндіріс озаттары марапатталды

22.07.2014
Металлургтер күні қарсаңында өндіріс озаттары марапатталды

Қарағанды облысында металлургтер күні қарсаңында өндіріс озаттары марапатталды.

Төл мерекеде «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы «Қазмарганец» кен басқармасының Қарағанды облысында орналасқан «Тур», «Шығыс Қамыс», Көлік колоннасы мен әкімшілік басқармасының жұмыскерлерінің еңбегі еленді.

Өндірісті дамытуға үлес қосып, еңбегімен еленген «Тур» кенішінің бас инженері Мағжан Садуақасовқа «Еңбек сіңірген жұмыскер», жүргізуші Баймұрат Ахметовке «Құрметті жұмыскер» белгілері табыс етілді.

Ал III-ші дәрежелі «Кенші даңқы» салалық төсбелгісімен кен басқармасында көп жыл бойы еңбек етіп келе жатқан өндіріс озаты Сергей Калашников марапатталды.

Кен басқармасының барлық бөлімшелерінде бұл күндері салтанатты жиындар өтіп, 100-ге тарта өндіріс озаты басшылық тарапынан Алғыс хаттармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұған қоса, «Шығыс Қамыс» кенішінде Қазмарганецтің 7-ші спартакиадасы өтті.

Хабарламаларға жазылу