Медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай, саланың ең мықтылары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай, саланың ең мықтылары анықталды

14.06.2019

«Денсаулық сақтау жүйесінің үздіктері» атты республикалық байқау 16 аталым бойынша өткен. Оған 20 мыңдай үміткер қатысыпты.

2019 жылдың ең үздік дәрігері, ауыл дәрігері, медбике, фельдшер, ғалым, жас зерттеуші, медициналық оқу орнының оқытушысы, санитар-эпидемиолог, тағы басқа мамандар жеңімпаз атанды. Үздіктер қомақты сыйақыға ие болды. Алғыс хаттармен марапатталды.

Әсел Қыдырәлиева, үздік қоғамдық денсаулық сақтау маманы, Қызылорда:

Қоғамдық денсаулық сақтау бұл тек медицина саласының қызметкерлерінің деңгейінде ғана емес бүкіл тұрғындардың деңгейінен басталатын іс-шараларынның бірі. Яғни, тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру, бастапқы медициналық санитариялық көмек деңгейінде денсаулық саласын алдын алу шараларын ұйымдастыру болып табылады. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз деңгейінде жалғастырылып тұрғындарымыздың денсаулықшылық жағдайы жақсарады деген үлкен үмітіміз бар.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу