Дәрілердің рецептілерін жазып беру мен дәріханалардан оларды алу жолын оңайлату мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жүйе еңгізбек. Яғни, 2020 жылдан бастап барлық өңірге «Қағазсыз аурухана» тетігі іске қосылады. Ескі жүйе 15 жылдан бері қолданыста. Мамандар дәрі-дәрмекті рецептісіз қабылдау өте қауіпті екенін, осыған дейін бірқатар құқықбұзушылықтар тіркеліп, адам денсаулығы зиян келгенін айтады.
Осындай келеңсіз жағдайларды ескере отырып, дәрілік препараттарды дәрігерлердің арнайы рұқсатымен беру ережесі қабылданды. Аталмыш үрдісті жеңілдету үшін келер жылы министрліктің ақпараттық жүйелеріндегі жұмысты толықтай электрондық нұсқаға көшіру жоспарланып отыр.
Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрайымы:
Дәрілердің бағасын реттеу ережесі әзірленді, шекті көтерме және бөлшек сауда бағасы көрсетілген бұйрық жасалды, ол заңнамада белгіленген тәртіп бойынша рәсімдерден өткізілуде және шілде айында бөлшек сауда желісінде сату үшін дәрілердің бағасы бектілетін болады.
Ғабит БӨКЕНБАЙ