Елордалық дәрігерлердің арасынан «Алтын Шипагер» иелері анықталды.
Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған ерекше байқауға 15 мыңдай үміткер қатысыпты.
Бірегей ота жасаған, емдеудің жаңа әдісін енгізген үздіктер анықталды.
Бұған қоса, «Цифровизация көшбасшысы», «Ең үздік жас терапевт», «Үздік жедел-жәрдем бригадасы», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша бірнеше маман марапатталды.
Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 8 мың дәрігер, 12 мың орта буынды маман бар. Қалалық дәрігерлерді министр келіп құттықтап, оларды құрметтейтінін жеткізді.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Алдымызда жұмыстар бар. Қолжетімді әрі сапалы болуға Елбасы нақты тапсырма берді. Осы еңбек сіздердің арқаларыңызда. Біз сенеміз.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ