Басты Жаңалықтар Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Қазақ медициналық қоғамының бастамасымен ашылған нысан 40 балаға арналып отыр. Бұл жерде сал, аутизм және басқа да дертке шалдыққан балдырғандар күндізгі ем-домын қабылдап, балабақшадағыдай уақытын тиімді өткізеді.

Сондай-ақ, бөбектерге логопед сынды басқа да өте қажет деген мамандардың қызметі көрсетіледі. Ал, олардың ата-аналарына да психологиялық, құқықтық қолдау көмек көрсетіледі. Қоғамдық ұйым негізінде ашылған медициналық мекемеге 25 маман жұмысқа алынды.

Мақсат Әбдіқадырұлы, Қазақ медициналық орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Әлеуметтік-мәдени, спорт шараларына қатыстырамыз. Психологтар жұмыс істейді. Психологиялық жақтан көмек көрсетіледі. Одан кейін әлеуметтік заңдылықтарды қадағалайтын арнаулы заңгер бар. Ол осы 40 ата-ананың заңды құқығын қорғау үшін кеңес береді. Әрі олардың жалпы қағаздарына көмектеседі.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Бөлісу