Студенттер шұғыл көмек көрсетуден сынға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер шұғыл көмек көрсетуден сынға түсті

08.04.2019

Талдықорғанда медициналық колледж студенттері арасында шұғыл көмек көрсету және Триаж жүйесі бойынша халықаралық жарыс өтті. Сайысқа Өзбекстанның, Түркістан облысының және Талдықорғанның орта буын мамандар дайындайтын оқу орындары қатысты.

Студенттердің теориялық білімдері сыналғаннан кейін, жедел көмек көрсету мүмкіндіктері тәжірбиеде тексерілді. Үш команда төтенше жағдай болған жерге келіп, ондағы зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. «Халықаралық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған байқау болашақ мамандардың өзара тәжірибе алмасып, біліктілігін арттыруға септігін тигізбек»,-дейді ұйымдастырушылар.

Александр Ким, Ташкент медициналық колледжінің 3-ші курс студенті:

- Бүгінгі байқауда біз өз білгенімізді көрсеттік. Сондай-ақ, білмейтінімізді қазақ студенттерден үйрендік. Біздің елде әзірше Триаж жүйесі әлі енгізілген жоқ. Бірақ бұл халықаралық талаптар болғандықтан, болашақта бәрібір енетін шығар. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу