Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының XVIII съездінде мәлімдеді. Шығыс Қазақстан облысында бұл бағытта бірталай жұмыстар атқарылып жатыр.
Жалпы, аймақта 600-ден астам денсаулық сақтау мекемесі бар. Өткен жылы ауруханаларда тұрғындарды қабылдау үшін 103 жаңа учаске ашылды. Осылайша емханалардағы ұзын-сонар кезек азайып, сәйкесінше медициналық қызмет сапасы жоғарылады.
Бұл шара шеңберінде жоғары білімді 52 түлек жұмысқа тұрды. Егер өңірде бір отбасылық дәрігердің жүктемесі осыған дейін 1900 адам болса, қазір бұл көрсеткіш 200-ге кеміді. Облыста тұрғындар денсаулығы - басты назарда. Шағын ауылдарда отбасылық амбулаториялар мен емханалардың ашылуы - соның дәлелі.
Райфа Сафиоллинова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Өскемен қаласындағы Күленов кентінде емхана ашылды. Оған жергілікті бюджеттен 347 миллион теңге бөлінген. Ново-Ахмирово, Новоявленка ауылында дәрігерлік амбулториялар ашылды. Ол енді 9,5 мың адамға қызмет көрсетеді.
Берік КӨШЕРБАЙ