Атырау облысында қызылшаның қаупі сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында қызылшаның қаупі сейілді

08.02.2019

Атырау облысында жаппай белең алған қызылшаның қауіпі сейілді. Дерт көп тараған елді мекендерде қзір дәрігерлік бақылау күшейтілген. Сондай-ақ, өңірде қызылшаға қарсы екпе жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Өткен айда 680 мыңнан астам тұрғынның 12 пайызына қызылшаға қарсы екпе салынған. Бұл жұмыс жыл бойы жалғаспақ. Бүгінге дейін аймақта 205 адам жұқпалы ауруға шалдыққаны анықталды. Көбі балалар. Дертті жұқтырғандардың дені вакцинадан бас тартқандар. 

Ерболат Уәйісов, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

- Мектеп, балабақшаларда қызылша ауруы тіркелген жоқ. Сонымен қатар, ауру ошақтарында егілмеген адамдар 72 сағаттың ішінде жедел екпе алуда.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу