Елімізде 17 көп бағытты аурухана салу жоспарланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 17 көп бағытты аурухана салу жоспарланған

05.02.2019

Елімізде 17 көп бағытты аурухана салу жоспарланған. Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой осылай деді. Мемлекет басшысының 30 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау үшін министрлік өңірлермен бірлесіп, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, жедел жәрдем стансаларының, ауылдық ауруханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте 2021 жылға дейін 156,5 млрд теңге қажет. Оның ішінде санитариялық автокөлікке 24,5 млрд теңге қарастырылған.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Қазіргі таңда 1876 адам қызылшамен ауырған. Оның ішінде, 14 жасқа дейінгі балалар саны - 1426. Соңғы тәулік ішінде жаңадан қызылша жұқтырған адамдар тіркелген жоқ. Еліміздің барлық ауруханаларында осы бағыт бойынша жұмыс күшейтілді.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу