Елдегі 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге бөлінеді

11.09.2023

Ел ішіндегі 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге бөлінеді. Оған аурухана, мектеп, спорт кешені, инженерлік инфрақұрылым, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы нысандарын салу жоспарланған. Үкімет тиісті қаулыны бекітті. Осылайша, 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту көзделген. Мәселен, Арқалық қаласында құны 315 млрд теңге болатын тау-кен байыту комбинаты салынады. Жоба 1 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ал Балқашқа 57 млрд инвестиция салынып, өңдеуші өнеркәсіп үлесін 90 пайызға арттырмақ. Жаңатас қаласында 75 жоба іске асады. Оған 3 млрд теңге бөлу жоспарланған. Ақмола облысының Степногорск шаһарында 3,5 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, медициналық колледж пайдалануға беріліп, орталық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу көзделген. 


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу