Ауылдарда 655 медициналық нысан салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдарда 655 медициналық нысан салынады

31.08.2023

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілді. Ұлттық жоба аясында 2023-2024 жылдары 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланып отыр. 99 нысанның құрылысы жүріп жатыр, барлығы биыл тапсырылады.

Алдағы екі жылда 32 көпсалалы орталық аудандық аурухана жаңғыртылмақ. Кадрлық қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдар аралығында еліміздің медициналық колледждері мен жоғары оқу орындарында 14 000-нан астам медбике, 10 000 фельдшер, 1000-ға жуық акушер және 7000 жалпы практика дәрігерін даярлау жоспарланып отыр. Көпсалалы орталық аудандық ауруханаларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін жалпы сомасы 46 млрд теңгеге 965 медициналық техника сатып алу жоспарланған.  

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу