Бұған мамандардың катерлі ісікті ерте анықтауы себеп. Мәселен, өткен жылы облыс бойынша 600 ал, былтыр 880 науқас тіркелген. «Ауру қаншалықты ерте анықталса, науқастың айығып кету мүмкіндігі де соншалықты арта түседі», - дейді мамандар. Сондай-ақ, Онкологиялық диспансердің ұжымы төрт жас маманмен толығып, көптеген мәселе шешімін тапқан. Өңірге білікті маман тарту бағытында да жұмыстар жалғасуда. Жеті жыл бойы тұралап қалған 100 орындық онкологиялық диспансердің құрылысы да қайта жанданды.
Нұрлан Жариев, облыстық Онкологиялық диспансердің директоры:
- Өлім-жітім бүгінгі таңда жылдан-жылға азайып келе жатыр. 100 мың халыққа 68 пайызға дейін өлім-жітім болса, қазір 53 пайызға түсіп отыр. Құрылыс осы жылдың аяғында бітеді деген үміттеміз. 6 млрд. теңгеге медициналық жабдықтар алынады.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.