Павлодар облысындағы медициналық мекемелердің бас дәрігерлері өздерін тікелей жауапкершілікке міндеттейтін құжатқа қол қойды. Яғни, қарамағындағы қызметкер тарапынан тәртіпсіздік немесе басқа да заңбұзушылық анықталса, оған басшы қоса жауап береді. Бұл бастамаға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тарапынан құрылған «Ертіс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйытқы болды. Мұндай келісім өңірдегі басқа мемлекеттік мекемелермен де жасалады. «Бұл жемқорлықты азайтады», дейді бастама көтергендер.
Шерхан Қоқанов, «Ертіс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:
- Денсаулық сақтау саласында мониторинг жүргіземіз. Бұл жай ғана мониторинг емес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылап, оны тауып, оны шешетін жолды табу.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.