Емдеу мекемесі елді мекеннің 2 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Бұған дейін ақ халаттылар тозығы жеткен ескі ғимаратта жұмыс істеп келді. Жаңа нысан барлық қажет заманауи құралдармен жабдықталған. Ота жасалғаннан кейін науқастың айығуына арналған физиотерапия кабинеті де бар. Биыл Ескелді ауданында осындай заман талабына сай 5 амбулатория пайдалануға берілді.
Роза Ыбыраева, Ескелді аудандық ауруханасының бас дәрігері:
- Бүгінгі күннің талабына сай барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бізде бұл ауыл тұрғындарына қызмет етуге 2 дәрігер, 11 орташа медицина қызметкері қызмет етеді. Ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту біздің негізгі міндетіміз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.