Түркістанда облыстық деңгейдегі жедел медициналық жәрдем орталығы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда облыстық деңгейдегі жедел медициналық жәрдем орталығы іске қосылды

26.12.2018

Озық құралдармен жабдықталған мекеме толықтай сандық жүйеге негізделген. Call-орталығы арқылы барлық аудандардағы жедел жәрдем станциясының жұмысы қадағаланады. Әр елді мекеннен түскен қоңырау тікелей жүйеге қосылады. Сол арқылы діттеген жерге ең жақын орналасқан бригада анықталып, оларға науқас жайлы толық ақпарат жіберіледі. Сондай-ақ, бұл орталықтағы емхана осы аумақтағы 34 мың тұрғынға медициналық көмек те көрсетеді. Шаһардан шалғайдағы ауыл тұрғындарына қатынау үшін дәрігерлерге 3 арнайы автокөлік берілді. Келер жылы Түркістанда перинаталды орталық, мамандандырылған кардиологиялық, наркологиялық емханалар салу жоспарланып отыр. Биылғы жылы өңірдің денсаулық сақтау саласын жақсарту үшін 8 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Мұқан Егізбаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Биылғы жылы денсаулық сақтау саласындағы нәтиже жаман болған жоқ. Бір жылдың ішінде 68 медициналық пункт салдық. Олар шалғай жатқан ауылдарда. Келесі жылы облыс бойынша медициналық пункттерді түгелдей салып бітеміз.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу