Басты Жаңалықтар Енді ақмолалықтарға жедел коронарлы синдром кезінде шұғыл көмек көрсетіледі

Енді ақмолалықтарға жедел коронарлы синдром кезінде шұғыл көмек көрсетіледі

Астанаға жақын аумақта тұратын 200 мыңға жуық Ақмола облысының тұрғындары енді кардиологиялық сапалы емді алу үшін алысқа сабылмайтын болды. Елордадағы №2 Ақмола облыстық ауруханасында «Тері арқылы араласу» орталығы ашылды. Бұрын өңір тұрғындарына арналған мұндай бөлім тек Көкшетау қаласында ғана болатын. Енді жаңа бөлімшенің ашылуы ем-дом шаралараның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Нұрлан Сәбитұлы, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Жақын орналасқан аудандарға жедел коронарлы синдром кезінде көмек көрсетеді. Олар уақытында көмек алады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу