Қарағандыда 6-сынып оқушысы менингит жұқтырды

14.09.2018

Қарағандыда 6-сынып оқушысы менингит жұқтырған. Сабақта қызуы көтеріліп, басы айналған оқушы бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Баланың қазір жағдайы жақсарды, дейді дәрігерлер. Айтуларынша, одан анықталған серозды менингит дер кезінде дәрігер қараса қауіп әкелмейді. Оқушының қасында жүргендерден дерт анықталмаған. Дегенмен, мектеп дәрігерлері барлық оқушының жай-күйін жіті қадағалап, мазасы қашса бірден жедел жәрдем шақыруы тиіс. Бірақ, ауа және су арқылы жұғатын осы дертке бола заң бойынша мектептерде карантин жарияланбайды. Сондықтан, дәрігерлер баланың денсаулығына ең алдымен ата-ананың көңіл бөлу керектігін еске салады.

Бибігүл Төлегенова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қоғам денсаулығын қадағалау қызметінің жетекшісі:

- Науқас баланың температурасы көтеріліп, жүрегі айнып, құсқан. Егер маңайындағылар жұқтырған болса, олардан да осы ауру белгілері білінер еді. Мұндай серозды менингитті асқындырып алса, орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, арты жаман болуы мүмкін. Алайда, бұл карантин жариялайтын дертке жатпайды.

Айман Мусина, қалалық №102 мектептің директоры:

-Бөлек бір оқу кабинетін бердік. Ол жерде тек сол сыныптың балалары оқиды. Таңертең де, түсте де ол жерде бөгде сыныптар оқымайды. Сол жерде тазалық жасалады, терезелері ашылып, ауасы тазартылады. Кабинетке кварцты лампа қойдық.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу