Астаналық балаларға медициналық көмек шарттары түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық балаларға медициналық көмек шарттары түсіндірілді

09.08.2018

Астаналық балаларға кепілдендірілген тегін медициналық көмек шарттары түсіндірілді. Бүгін «Медикер» емханасы, «Дара» қоры мен Медициналық сақтандыру қорының өкілдері бірлесіп, танымдық шара өткізді. Олар жасөспірімдерге денаулық сақтаудағы жаңа жәрдем жайлы ақпарат берді. Оқушыларға медицина саласында қандай құқықтары бар екені түсіндірілді. Атап айтқанда, кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде науқастар дәрігерлерге тегін тексеріле алады. Оған еліміз бойынша 1300 ұйым жұмылдырылған. Оның 45 пайызы - жеке емханалар. Халықтың денсаулығын қолдау мақсатында аталмыш қордан жылына 700 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отырады. 

Забира Оразалиева, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры:

- Кіші буын балалары емес, бұлар жасөспірімдер. Ертеңгі күні бұлар ересек өмірге қадам басады. Сондықтан, өздерінің құқықтарын толыққанды білуге құқылы. Сол үшін балаларға ертеңгі күні қандай құқықтары бар екенін, оны қалай пайдалану керек екенін түсіндіріп, айтып жатырмыз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу