«Келер жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтуда іркіліс болмайды». Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осындай уәде берді. Қажетті дәрі-дәрмек қыркүйектен бастап сатып алынады. Қарашада «СК-Фармация» қоймасына жеткізіледі.
Жыл басында осы мәселеге орай түйіткілді жағдай қалыптасқан еді. Науқастар айлап тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмады. Өкпесін айтқан азаматтардан министрлікке 2 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Мәселенің мәнісін ашқан министр келер жылы мұндай жағдайдың қайталанбайтынын сөз етті. Айта кетейік, елімізде 3 млн. адам тегін дәрі-дәрмек алады.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Ең үлкен мәселе ол - хроникалық аурумен ауыратын науқастар көп жағдайда тізімге кірмеген. Соларға тегін дәрі-дәрмекті жоспарламаған. Ал, екінші мәселе, жергілікті деңгейде қажетті қаржыландыру көлемі болмағаннан кейін азаматтарға дәрі-дәрмек жетпеген. Биылғы жылдан бастап бұл мәселелерді шешуге іс-шаралар енгіздік.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.